Оңтүстік Қазақстанда үш жүк көлігінің соқтығысуынан жаяу жүргінші қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда үш жүк көлігінің соқтығысуынан жаяу жүргінші қаза тапты © Tengrinews.kz

Алматы - Ташкент трассасында үш жүк көлігі соқтығысып қалды, салдарынан Алматы облысының 19 жастағы тұрғыны қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Ташкент трассасында үш жүк көлігі соқтығысып қалды, салдарынан Алматы облысының 19 жастағы тұрғыны қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама полицияға 2015 жылдың 15 желтоқсанында, түнгі сағат 2.00 шамасында түскен. Howo автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі жол жигінде тұрған Volvo жүк көлігіне соқтығысқан. Қатты соққыдан Volvo алға жылжып кетіп, көлік қасында тұрған 19 жастағы баланы қағып кетті. Осыдан кейін Volvo MAN жүк көлігіне барып соқты.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы жігіт қаза тапты. Howo автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі түрлі жарақатпен Шымкент ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ІІД.

Облыстық ІІД мәліметінше, осы дерекке сәйкес ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралын жүргiзу кезінде жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети