Оңтүстік Қазақстанда жүргізуші полицейді сүйреп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда жүргізуші полицейді сүйреп кетті ©Ярослав Радловский

Оңтүстік Қазақстанда жүргізуші көлігімен полицейді қағып, сүйреп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға Сайрам - Машат тас жолында болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда жүргізуші көлігімен полицейді қағып, сүйреп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға Сайрам - Машат тас жолында болды.

Полицейлер ВАЗ-2106 көлігін тоқтатқан. 35 жастағы жүргізуші құжаттарын көрсетудің орнына газды басып, жүріп кеткен. Машина полиция қызметкерлерінің бірін екі метрге жуық жерге дейін сүйреп әкетті. Денесіне жарақат түскен тәртіп сақшысы дәрігердің көмегіне жүгінді. Жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырған.

Көп ұзамай ол қолға түсті. Полицейлер Сайрам тұрғынының мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 321-бабы - "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторында отыр.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети