Оңтүстік Қазақстан облысында автомобиль жол жиегіндегі жыраға ұшып кетіп, екі рет аударылды да, жарылды. Жол-көлік оқиғасы 19 мамыр күні сағат 19 шамасында Рысқұлов ауылында, Алматы-Тараз тас жолында болды, - деп жазады "Отырар" басылымы.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші белгілерге қарамастан жолдың жөндеу үшін жауып қойған бөлігіне шығып кеткен.
"Ол жоғары жылдамдықпен келе жатты. Бір уақытта жол аяқталып қалып, көлік қоршауды бұзып, жол жиегіне шығып кетті. Содан кейін бірнеше рет аударылып, жарылды", - деді куәгер "Экстренный вызов" бағдарламасына мына видеоны жолдай отырып.
Видео авторының айтуынша, көлікте үш адам болған. Олардың үшеуін де жедел жәрдем көлігі алып кетті.