24 маусым 2015 | 15:03

Оңтүстік Қазақстан облысында автомобиль каналға құлап, жеті адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол апатынан 7 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбековке сілтеме жасап. 10 адам отырған автомобильдің каналға құлап кеткені белгілі болды.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол апатынан 7 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбековке сілтеме жасап. 10 адам отырған автомобильдің каналға құлап кеткені белгілі болды.

Полицейлер "Нива" автокөлігінің каналға не себепті құлағанын анықтап жатыр. Рөлде 1989 жылғы жергілікті тұрғын болған. Оның әйелдер мен 14 жастағы жеткіншекті алып бара жатқаны белглі болды. Жол апатының салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты, сонымен қатар зардап шеккендерге көмекке келген куәгер де қайтыс болды. Ол төрт адамды құтқарып үлгерді.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматы-Шымкент жолында болған жол апаты болып, 14 адам қаза тапқан болатын. Жол-көлік оқиғасы "Боз Арық" айналма жолының маңында болды. Болған оқиғаның мән-жайын куәгер айтып берді. "Жарақат алған адам көп. Mercedes Sprinter автомобилі Алматыға қарай кетіп бара жатты, КамАЗ жанармай бекетіне қарай бұрылып жатты да олар соқтығысып қалды. Жапырып өтті. Жол апатынан кептеліс пайда болды, көліктеріміз өте алмай қалды", - деді куәгер Данияр Батырбаев.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети