05 мамыр 2014 22:27

Оңтүстік Қазақстан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 мамыр күні Астана уақытымен сағат 16:56-да жүк пойызы рельстен шығып кетті. "Шымкент жол бөлімшесіндегі Черноводск - Бадам аралығында жүріп бара жатқан жүк пойызының 29 вагоны рельстен шығып кетті. Учаскедегі қозғалыс тоқтатылды",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, апат зардаптарын жойып, қалпына келтіру үшін Арыс пен Шымкент станцияларындағы өрт сөндіру пойыздары жұмылдырылды. "Қазақстан темір жолы" АҚ-ы жасақтаған комиссия жүк пойызының рельстен шығып кету себебін тексеруге кірісті.

Еске сала кетейік, 20 сәуірде Жамбыл облысындағы "Луговой-Құрағатты" бекетінің тұсында жүк пойызының 13  вагоны жолдан шығып кеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети