30 маусым 2015 | 07:31

Оңтүстік Қазақстан тұрғынын Өзбекстан шекарашылары атып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уәлихан Ахметов. ©"КТК" кадры Уәлихан Ахметов. ©"КТК" кадры

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзбек шекарашыларының оғынан қаза тапты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзбек шекарашыларының оғынан қаза тапты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Қайғылы оқиға 29 маусымға қараған түні болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Қазақстанның екі азаматы Сырдария өзеніне балық аулауға шыққан. Шекараны бұзбаса да, арғы беттегі өзбек сақшылары сес көрсетіп, өз аумақтарына өтуді талап еткен көрінеді. Алайда балықшылар артқа шегіне бастайды. Осы сәтте өзбек шекарашылары бұларға оқ жаудырыпты. 37 жастағы Уәлихан Ахметовке екі жерінен оқ тиіп, мерт болды.

Тілшілерінің мәліметінше, марқұмның артында жеті баласы қалды. Туыстары көрші елдің шекарашылары бұған дейін де талай қиғылық салғандарын айтуда. Сондықтан кінәлілерді анықтап, жазаға тартуды сұрап отыр. Ал қарсы  тарап Қазақстан азаматтары Сырдарияның өзбектерге тиесілі аумағына өтіп кеткен дейді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Марқұмның анасы Дәмегүл Ахметованың айтуынша, отбасы жалғыз асыраушысын айырылпы отыр. "Шиеттей бала-шағаны кім бағады? Шешесінің отырысы анау. Алды 15 жасар, арты 1 жасқа толмаған.Балалар жетім, келін жесір қалды. Енді менің баламды атып кетіп отыра бере ме?", - деді Ахметова.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети