26 мамыр 2015 | 07:47

Оңтүстік Қазақстанда асылып өлген оқушы қыз хат қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"КТК" телеарнасының кадры ©"КТК" телеарнасының кадры

Оңтүстік Қазақстанда сыныптас құрбысынан жәбір көрген 10-шы сынып оқушысы асылып өлді, - деп хабарлайды "КТК"


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстанда сыныптас құрбысынан жәбір көрген 10-шы сынып оқушысы асылып өлді, - деп хабарлайды "КТК"

Телеарна тілшісінің мәліметінше, Гүлзада Құдайберген Сарыағаш ауданындағы Абай ауылына бір жыл бұрын көшіп келген. "Кілең бестікке оқитын қызды сыныптастарының барлығы бірдей жақсы қарсы ала қоймаса керек. Тіпті біреуі сабақ үстінде Гүлзаданы соққыға жыққан. Өзгелердің көзінше құрдасынан таяқ жеген оқушы үйіне келісімен асылып өлді", - дейді теле арна тілшілері. Сонымен қатар, марқұмның өлім алдындағы хаты табылған. Онда ажалына кінәлі қыздың аты-жөні де жазылыпты.

Қайтыс болған қыздың әжесі Тұрсын Сарыпбекова. © ktk.kz

Қайтыс болған қыздың әжесі Тұрсын Сарыпбекованың айтуынша, оқушыны сыныптастары жақтырмаған. "Бұл фартукпен барады, бантик тағып барады. Сен ауылбайсың алдымызға түспе дейді екен. Мұның 5-ке оқығанын да көре алмаған ғой ойда-қырда. Бұл енді тек сабақ оқитын еді", - деді ол.

Қайтыс болған қыздың туысы Гүлжауһар Сарыпбекова. © ktk.kz

Гүлзаданың сабақ үстінде Венера есімді сыныптас қызымен төбелескені айтылады. Сыныптастарының көзінше оңбай таяқ жеген қыз үйіне кетіп қалады. Сөйтіп, болған жәйттердің бәрін қағаз бетіне түсіріп, сарайына барып асылған. Хатында мұндай хәлге жеткізген сыныптасын жазалауды өтінген.

Мектеп директоры Мадина Жанғараеваның айтуынша, қыздың өліміне себепті болуы мүмкін делінген Венера есімді қыз мектепті ел қатарлы бітірген. "Ол қыз мектепте оқып жатыр. Оны мектептен шығарып жібере алмаймыз. Кім біледі ол да өзіне қолса?", - деді ол.

Мектеп директоры Мадина Жанғараева. © ktk.kz

Десе де, бұл жағдайдан соң бір мұғалім жұмыстан қуылды. Мектептегі тағы екі психологқа қатаң сөгіс жарияланған. Қазір бұл бойынша білім бөлімі ішкі тексерістерді жүргізіп жатыр. Ал полиция әзірше өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, оқушылар мен мұғалімдерден түсініктеме алып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети