Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүргізуші үш жасөспірімді қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүргізуші үш жасөспірімді қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 2015 жылдың 28 маусымында шамамен сағат 11.20-да болды. Мақтаарал ауданының Бірлік ауылдық округының 1990 жылғы тұрғыны Audi маркалы автомобильді жүргізу куәлігінсіз Жылы су ауылдық округының ауданында Жетісай-Шардара автожолында жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы бағытттағы жолаққа шығып кетіп, үш жаяу жасөспірімді қаққан. Салдарынан кәмелетке толмаған балалар оқиға орнында қаза болды.
"Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал аудандық сотының тергеу судьясының 2015 жылғы 01 шілдегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған күдіктіні күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды", - делінген Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының хабарламасында. Қаулы заңды күшіне енді.