04 тамыз 2015 | 18:01

Оңтүстік Қазақстанда тұрғындар тонаушыны ұрып өлтіре жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 09region.kz © 09region.kz

Оңтүстік Қазақстанда тұрғындар тонаушыны ұрып өлтіре жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнына дер кезінде келген полицейлер ашулы тұрғындарды тоқтатты. 


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстанда тұрғындар тонаушыны ұрып өлтіре жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнына дер кезінде келген полицейлер ашулы тұрғындарды тоқтатты. 

Оқиға 2015 жылдың 30 шілдесінде Сайрам ауылында болған. "Шамамен кешкі 23.00-де Қаратау аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына шықты. Онда тәртіп сақшылары жеке үйді тонамақшы болды делінген ер адамды жергіліктің тұрғындардың ұстап, орта деңдейдегі дене жарақатын салғанын анықтады. Екінші тонаушы қашып кетті", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта 1988 жылғы жергілікті тұрғын Төле би аудандық ауруханада жатыр. Сайрам аудандық прокуратурасы оған қатысты "Кепілдікпен босату" бұлтартпау шарасын таңдады. Сонымен қатар, полицейлердің бір тәуліктен кейін екінші күдіктіні анықтап, ұстағаны хабарланып отыр. Шымкент қаласының 1984 жылғы тұрғынынан күдікті ретінде жауап алынды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары дене жарақатын салу дерегі бойынша Сайрам ауылының үш тұрғынын анықтады. Олардың ішінде 1986 жылғы азаматқа "Жүгенсіздік" бабы бойынша күдік келіп, ұсталды. Соталды тергеу барысында барлық сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдіктілердің қылмысының іс материалдары бойынша дәлелденгені хабарланып отыр. Осы деректерге сәйкес, ҚР ҚК екі бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети