Оңтүстік Қазақстанда зиратта адам сүйектері шашылып жатыр

viewings icon 862

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

ОҚО-дағы ауылдардың біріндегі зиратта адам сүйектері шашылып жатыр, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

ОҚО-дағы ауылдардың біріндегі зиратта адам сүйектері шашылып жатыр, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Зертас ауылындағы ескі қабірді су басып, моланы аршып тастаған. Мұны көрген тұрғындар қазір жандарын шүберекке түйіп отыр. Өйткені, зират маңынан ағатын өзенге өлілердің сүйектері түсіп, ауыз суды улауы мүмкін. Ал жергілікті билік өкілдері "қажетті қаражат бөлінбейінше, ештеңе істей алмаймыз" деп, міз бақпаған.

Түймебай Базаров былтыр туысын Зертастағы зиратқа жерлеген. Ара-тұра келіп, марқұмға Құран бағыштап тұрады. Бірақ соңғы көргені соқпалдай азаматты есеңгіретіп тастаған. Сөйтсе, қабірдегі адам сүйектері жер-жерде шашылып, аяқ астында тапталып жатыпты. 

 "Жарда екеуі тұр. Өткенде мен келген кезде үшеу тұғын. Үш мәйіттің ішінде мәйіті жоқ. Құдашамды жерлеуге келгенбіз. Жерлеуге келген кезде осындай сұмдықты көрдім мен", - деді Түймебай Базаров.

Моладағы "масқараны" айтып, дабыл қаққан қария ауыл билігі бұл мәселеге немкеті, дейді. Өйткені, тап осындай жағдай былтыр қыста қайталанған екен. Ол кезде де мазар маңынан ағатын Тоғыс өзені тасып, қабірлерді шайып кеткен. Шенділер сол жайтты шыбын шаққан құрлы көрмепті.

"Тоғыс өзенінен Елтай, Қаратас, Сайрам сынды ауылдардың тұрғындары су ішіп, малдарын суарады", - деді Түймебай Базаров.

Атқамінерлердің айтары бір. Қаражат қат, дейді. Сөздерінше, аудан әкімдігі тиісті ақша бөлмейінше, ештеңе істей алмайды екен. Олар қаржы берілгенде ғана, өзен арнасын басқа жаққа бұрып, жан-жағына ағаш екпек. 

"Бұл мәселе біздің назарымызда. Ол жерге көктемде ағаш отырғызып ТҮКШ-на хат жолдап, бетондауды және судың арнасын бұруды сұранып отырмыз", - деді Зертас ауылы әкімінің орынбасары Ерлан Сапаров.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю