Оңтүстік Кореяда алапат өрттен төрт адам қаза тапты: төтенше жағдай жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда алапат өрттен төрт адам қаза тапты: төтенше жағдай жарияланды Х/@rogerJhering

Оңтүстік Кореядағы орман өртінен төрт адам қаза тауып, алты адам жарақат алды. Бұл туралы 23 наурызда Yonhap агенттігі құтқару қызметінің дерегіне сүйеніп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореядағы орман өртінен төрт адам қаза тауып, алты адам жарақат алды. Бұл туралы 23 наурызда Yonhap агенттігі құтқару қызметінің дерегіне сүйеніп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, өрт Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде орналасқан Санчхон округінде басталып, кейін басқа аймақтарға тараған.

Биліктің мәліметінше, бір жарым мыңнан аса адам апат болған жерлерден эвакуацияланған. Өртсөндірушілер тікұшақтардың көмегімен өртті ауыздықтау үшін жұмыс істеп жатыр.

Оңтүстік Корея үкіметі ұлттық апат режимін енгізді. Ішкі істер және қауіпсіздік департаменті бұл шара Солтүстік Кенсан провинциясы мен Оңтүстік Кенсан провинциясының Ульсан қаласында күшіне енгенін хабарлады.

Орман өртінен төрт адам қаза тапты, оларды екеуі - өртсөндіруші, оған қоса алты адам зардап шекті. Бес адам ауыр жағдайда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети