Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатының алдын ала себебі белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатының алдын ала себебі белгілі болды Yonhap

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Кореядағы Муан қаласының әуежайына қонған кезде апатқа ұшыраған ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Кореядағы Муан қаласының әуежайына қонған кезде апатқа ұшыраған ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Yonhap агенттігі ресми органдар айтқан ақпаратты келтірді.

"Билік: Муанда ұшақ апатқа ұшыраған кезде құспен соқтығысу шассидің істен шығуына себеп болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты таңғы сағат 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07-де) болды. Бортта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды, олар Бангкоктен оралған.

Апат салдарынан ұшақ айтарлықтай зақымданды, өрт шықты. Кейін төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіріп, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жолаушылар арасында Оңтүстік Кореяның 173 азаматы және Таиландтың 2 азаматы болғаны анықталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес лайнер қону кезінде құстармен соқтығысқан. Сондай-ақ, құтқарылған екі адамнан басқалары қаза тапқан болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети