ОҚО-да полицейлер үш адам қаза болған жол апатын тергеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да полицейлер үш адам қаза болған жол апатын тергеп жатыр

ОҚО ІІД-нің тергеу басқармасы үш адамның өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 

"11 тамызда сағат 08:00-де Бадам ауылында 1991 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан "Хово" жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-21070 маркалы жеңіл көлікке соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің 1985 жылы туған жүргізуші мен 1960 және 1984 жылы туған екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 1987 және 1992 жылы туған тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен жедел медициналық көмек ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада. 

Полиция өкілдерінің мәліметі бойынша, бұл дерек Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Ішкі істер бөлімінде СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети