ОҚО-да шыққан өрт алты сағат бойы сөндірілді

ҚР ІІМ ТЖК

ОҚО-да мұнай базасында шыққан өрт алты сағат бойы сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, өрт ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында шамамен сағат 10.50-де болған. Өрт сөндірушілердің арқасында мұнай базасындағы өрт сағат 17.07-де толықтай сөндірілді.

Кейінірек ОҚО-дағы алапат өрттің шығу себебі анықталған болатын. Вагондардың цистерналарды соғуы нәтижесінде бензин төгілген. Салдарынан 12 цистерна мен 3 жартылай вагон өртенген. Өрттің күшейіп кетуіне байланысты 15 сұйық қойма да өрттің астында қала жаздаған.

Айта кетейік, өртті сөндіруге 100-ге жуық адам мен 20 дана техника жұмылды. Сондай-ақ, өртті сөндіруге Шымкент станциясының пойыздары да келген. Өртсөндірушілер мұнай базасындағы өртті сөндіру үшін көбік шашқан. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама