04 тамыз 2016 13:43

ОҚО-дағы алапат өрттің шығу себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

ОҚО-да мұнай базасында бензині бар цистерналарға вагондар соғысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


ОҚО-да мұнай базасында бензині бар цистерналарға вагондар соғысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Қазстройсервис" ЖШС жақтан "Мұнай БК" ЖШС мұнай базасына қарай жоғары жылдамдықпен үш вагон басып кірген. Вагонда 2 "Орал" автокөлігі мен бөшке болған. Цистерналардың соғысуынан өрт шыққан", - деп хабарлады ОҚО ТЖД өкілдері.

Вагондардың цистерналарды соғуы нәтижесінде бензин төгілген. Салдарынан 12 цистерна мен 3 жартылай вагон өртенген. Өрттің күшейіп кетуіне байланысты 15 сұйық қойма да өрттің астында қала жаздаған.

Сағат 12.59-да өрт толықтай ауыздықталды.

Өрт ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында шамамен сағат 10.50-де болған. ОҚО ТЖД өкілдерінің мәліметінше, екі цистернадағы өрт сөндірілді. Өртті тоқтату жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети