ОҚО-да тесттен 73 ұпай алған оқушы асылып өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да тесттен 73 ұпай алған оқушы асылып өлді ©"КТК" кадры

ОҚО-да Ұлттық бірыңғай тестілеуден 73 ұпай алған оқушы асылып өлді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Ордабасы ауданындағы Жусансай мектебінің түлегі Гүлдана Орынтай тестілеудің ертесіне өз-өзіне қол салды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да Ұлттық бірыңғай тестілеуден 73 ұпай алған оқушы асылып өлді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Ордабасы ауданындағы Жусансай мектебінің түлегі Гүлдана Орынтай тестілеудің ертесіне өз-өзіне қол салды.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, 1-2 пәннен төрті болмаса, кілең бестікке оқыған Гүлдана ұстаз болуды армандаған. ҰБТ-ға дейінгі сынақ тестілеулерде үнемі 85 балдан төмен жинамаған оқушы сынақтың өзінен 73 ұпай жинапты. Бірақ мұғалімдер суицидті тестпен байланыстырып отырған жоқ. 17 жастағы қыздың оқыс қадамға бару себебін енді полицейлер тексереді.

"Ол тестке кірердің алдында да, шыққанда да көңіл-күйі жақсы болды. Жақсы тапсырдым деп, шыққанда құттықтадық. Ешқандай қорқыныш мазасыздану болған жоқ", - деді Жусансай жалпы орта мектебінің психологы Динара Оразова.

Сонымен қатар, "Отырар" порталының мәліметінше, Леңгір қаласында ҰБТ тапсырып, оның нәтижесін естіген тағы бір түлек өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. 18 жастағы Жансая Омбы техникалық университетіне түсіп үлгерді, алайда ол медициналық университетке түскісі келген. Бұл арманын орындау үшін ол 108 балл жинауы керек болған, түлек болса 91 балл ғана жинай алды.

Түлектің туыстарының айтуынша, емтиханнан кейін Жансая біраз жылап алып, кейін грант ала алмайтынына көнгендей болған. "Бәрі қалыпты болған, кеше ол үй жинады, тамақ жасады және... қорада асылып қалды. Ағасының келіп қалғаны жақсы болды, ол оны қорадан тауып алып, жіпті кесіп үлгерді. Ол өлім алдындағы хатын қалдырыпты, онда отбасы мен мектебін ұятқа қалдырғаны жайлы жазды. Бірақ ол ешкімді ұятқа қалдырған жоқ, ол жақсы көрсеткішке қол жеткізді", - деді Жансаяның әжесі Әлия Қыдырсықова.

Түлек ауыр жағдайда ауруханаға түседі. "Жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, жан сақтау шараларын жүргіздік. Ол әзірше есін жиған жоқ, бірақ жағдайы тұрақты. Оның жолы болды, тағы 1-2 минут ілініп тұрғанда қаза болар еді", - деді жан сақтау бөлімшесінің жетекшісі Айдәулет Данияров.

Төле би аудандық прокуратурасы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети