ОҚО-да жол апатынан 20 шақты адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да жол апатынан 20 шақты адам ауруханаға түсті видеодан үзінді

ОҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 шақты адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 шақты адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

"Жол апаты Шымкент-Ақсукент тасжолында болды. Opel маркалы автомобильді 1973 жылғы азамат басқарған. Автобустың тізігінінде 1964 жылғы ер адам болған", - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Сайрам аудандық ауруханасында әлі де алты адам жатыр, тағы бір әйел Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Барлық науқастардың бас-сүйек миы шайқалған, ал бір науқастың омыртқасы сынған. Зардап шеккендердің бірі 58 жастағы ер адам ауыр жарақат алған, бауыры мен өкпесі езіліп кеткен. Ол ауруханада қайтыс болды. 

Қазіргі уақытта полицейлер жол апатының қалай болғанын анықтап жатыр. Алайда жеңіл көліктің жүргізушісінің айтуынша, ол айналып жатқанда автобус оны озып өтпекші болған. Соққының салдарынан автобус жолдың шетіне шығып кетіп, бетондалған плиталарды қиратқан.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети