ОҚО тұрғыны полицейлерді және өзін өртеп жібермек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО тұрғыны полицейлерді және өзін өртеп жібермек болды © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

ОҚО тұрғыны полицейлерді және өзін өртеп жібермек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО тұрғыны полицейлерді және өзін өртеп жібермек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған 40 жастағы ер адамды құтқарып алды.  

Көпқабатты үйлердің бірінің тұрғынының өз-өзін өртегісі келіп жатқаны жайлы хабар кезекші бөлімге 28 наурызда түскен. Оқиға орнына полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасовтың басшылығымен жедел-тергеу тобы жөнелтілген.

"Полицейлер ер адамның отбасы жанжалынан кейін өз-өзін өртеп жіберетінін айтып, қорқытқанын анықтады. Ол 5 литрлік құтыға бензин құйып, қолына алып, пәтерінде қамалып алған. Полицейлер көрші пәтердің тұрғындарын эвакуцациялады. Полиция мен прокуратура қызметкерлері ер адамды ойынан қайтара алмады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Осы уақытта суицид дерегінің алдын алу мақсатымен тәртіп сақшылары пәтерге кіріп барып, бұзақыны ұстаған, ол өзін де, полицейлерді де өртемек болған. Заттай айғақ ретінде одан бензині бар құты, оттық және күдіктінің өртенген киімі тәркіленді. 

Қылмыстық іс "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу", "Бұзақылық", "Билік өкілдерінің талабына мойынсұнбау", "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" баптарымен қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети