Орал-Ақтөбе автожолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Lada Granta маркалы автомобиль металл шыбықтарын әкетіп бара жатқан "Шанхай" жүк көлігінің астында қалды, - деп хабарлайды "Мой город".

Lada көлігінде жүргізушімен бірге төрт жолаушы болған, олардың үшеуі оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен бір жолаушы тірі қалды. Жол-көлік оқиғасынан кейін олар Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Порталдың мәліметінше, қаза тапқандарды шығару үшін оқиға орнына келген құтқарушылар көліктің жоғарғы бөлігін кесіп алып тастауы керек болыпты.
Жүк көлігінің жүргізушісінің сөзіне қарағанда, ол оқиға болған орынға жақын жерде түнеп, таңғы бесте жолға шығыпты. Жүргізуші сағатына 40 шақырымнан асырмағанын айтып отыр. "Мен жолға шыққаным сол еді, көлік те қызып үлгермеді. Шеткі айнаға қарасам артымда үлкен жылдамдықта бір көлік келе жатыр екен, мен жолдың жиегіне қарай шыға бастадым, ол тіпті айналып өткісі келмеді, көлігімді келіп соқты", - деп түсіндірді жүк көлігінің жүргізушісі.
Болған оқиғаның автожолды толықтай жауып тастағаны айтылады. Жеңіл көліктер автожолды жолсыз жермен айналып өтуге мәжбүр болса, жүк көліктері полицейлердің жолды ашқанын күткен.