© "МОЙ Город"
Орал-Атырау тас жолында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Оқиға 1 маусымда сағат 13.30 шамасында болған.
Орал-Атырау тас жолында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Оқиға 1 маусымда сағат 13.30 шамасында болған.
Интернетке жарияланған видеодан Audi 80 автомобилінің қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқанын көруге болады. Басылымның мәліметінше, Audi 80 көлігінің 54 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан сол жерде қаза болды. Ал екінші көлікте болған жүргізуші мен жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілген.
Сонымен қатар, видеодан Audi 80 автомобилінің жолда бірнеше рет қарсы бағытқа шығып кеткенін көруге болады.