Оралда балабақшалардың бірінде жантүршігерлік жағдай болды. Бөгде ер адам балабақша территориясынан шалбарын кие жүгіріп шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін балабақша алдына ата-аналар мен журналистер жиналды.

Оқиға 12 мамырда болған. Балабақшадан баласын алып кетуге келген ер адам мекеме территориясынан бөгде ер адамның шалбарын кие-мие жүгіріп шыққанын көрген. Оны балабақша қызметкері қуып шыққан. Баланың әкесі бөтен ер адамның соңынан қуып, ол тығылған маңға барып, ер адамның мастурбация жасап жатқанын көрген.
"Балалардың бірінің әкесі оны ұстап, полиция шақырды. Ол бірден арыз жазып, бөтен адам ІІД-не жеткізілді. Оған қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Ер адамның мұнда үшінші мәрте келгенін анықтадық. Бірақ балабақша қызметкерлері полицияға хабар бермепті. Келеді, отырады, кетеді. Көрген сайын қуып жіберіп жүріпті. Бұл дегенің қоғамға қауіпті адам ғой! Ойында не барын кім білсін! Соңғы уақытта педофилдер көбейіп кетті!", - дейді балалардың бірінің әкесі Руслан Ғабдуллин.
Балалардың бірінің әкесі Руслан Ғабдуллин.© Tengrinews.kz
БҚО ІІД өкілдері ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады, күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.