Орал орталығында ақша айырбастау пункті өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал орталығында ақша айырбастау пункті өртеніп кетті © mgorod.kz

Орал орталығында аялдама павильоны өртеніп кетті, онда ақша айырбастау пункті мен автосақтандыру компаниясының кеңсесі орналасқан, - деп хабарлады "Мой город" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал орталығында аялдама павильоны өртеніп кетті, онда ақша айырбастау пункті мен автосақтандыру компаниясының кеңсесі орналасқан, - деп хабарлады "Мой город" порталы.

Өртсөндірушілер өрт жайлы хабар түскеннен кейін оқиға орнына бірнеше минутта келіп жеткен. "Алайда "Жайық жарығы" қызметкерлері кешігіп жетті, сол себепті ақша айырбастау орнын электр желісінен өзіміз ажыратуымызға тура келді. Сейф, жиһаз және басқа да құнды заттарды иелерімен бірге шығарып үлгердік. Екінші сейф жанып кетті, бірақ оның ішінде ақша болмады, тек қағаздар ғана болған", - деп хабарлады өртке қарсы қызмет қызметкері.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ Департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өрт жайлы хабар 9.14-те түскен. Төтенше оқиға болған жерге 5 арнайы техника жіберілген. Олар ауданы 60 шаршы метр жерді қамтыған өртті сөндіре алды. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети