Орал тұрғыны сауда орталығында жарақат алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал тұрғыны сауда орталығында жарақат алды

Оралдағы сауда орталығында әйел жараланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы сауда орталығында әйел жараланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 25 желтоқсанда сауда ойын-сауық орталығында болған. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметіне қарағанда, қоңырау сағат 10.03-те түскен.

"Оң аяғының үштен бір бөлігі жыртылып, жарақаттанған 1982 жылғы әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Аяғы эскалаторға қысылып қалған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл ақпаратты полиция да растады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға келушінің өз абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сауда орталығының әкімшілігінен ақпарат алу мүмкін болмаған. Операторлар басшылық қазір жоқ екенін айтып, дүйсенбіде қайта хабарласуды өтінген.

Бұл ретте оқиға куәгерлері "МГ" редакциясына сауда орталығындағы жартылай бөлшектелген эскалатордың суретін жолдаған. Алайда, оқиғаның дәл сонда болған-болмағаны әзірге белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети