Оралда әткеншекте 13 жастағы бала екі саусағын кесіп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Оралда әткеншекте 13 жастағы бала екі саусағын кесіп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Басылым редакциясына Қарылғаш Құдряшова хабарласты. Оның айтуынша, оқиға сынған әткеншекте болған.
"Сол күні кешке Никита әдеттегідей достарымен ойын алаңына барды. Кейін ұлымның телефонынан досы қоңырау шалып, ойын алаңына келуімді өтінді. Ол саусақтары жұлынып кеткенін айтты! Ол жерге қалай жүгіріп барғаным да есімде жоқ. Зәрем ұшты. Никитаға қарасам - саусақтың бөлігі жерде жатыр. Қалтырап кеттім", - деп еске алады жасөспірімнің анасы.
Әйелдің айтуынша, балалар жедел жәрдемге хабарласқан, бірақ жауап болмаған.
"Күйеуім баламызды облыстық ауруханаға апарды, бірақ олар қабылдамай, балалар ауруханасына жіберді. Күйеуім баланың жарасын емдеп беруін талап етті, кейін балалар ауруханасына апарды, онда саусағын кесті. Ұлым оң қолындағы екі тырнағынан айырылды. Ойын алаңы қандай жағдайда екенін көріңіз. Соншалықты қауіпті болуы мүмкін бе? Осының бәріне кім жауап береді? Неге ешкім тексермейді? Әткеншек жарамсыз болса, оны неге алып тастамайды не жөндемейді?" - деді баланың анасы.
Құдряшова ұлының әлі де есеңгіреп жүргенін айтты. Комплексі пайда болды, жарақаттарынан ұялады.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы деректі растап, балаға оң қолының IV-V тырнақ фалангасының травматикалық ампутация диагнозы қойылғанын хабарлады. Жасөспірім амбулаторлық емдеуге жіберілді.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері ҚР Қылмыстық кодекстің 306-бабы "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша дерегін тіркеді.
Орал әкімдігі балалар алаңы кімнің бақылауында екенін кейінірек хабарлауға уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!