08 ақпан 2018 13:09

Оралда ақша айырбастау пунктін тонағысы келгендер ғимарат терезесін сындыра алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда белгісіз біреулер ақша айырбастау пунктін тонамақ болып, ғимараттың терезесін 39 рет гантельмен ұрып, сындырмақшы болған. Алайда тонаушылар онда сол күйі кіре алмаған, - деп хабарлайды "Мой Город".


Оралда белгісіз біреулер ақша айырбастау пунктін тонамақ болып, ғимараттың терезесін 39 рет гантельмен ұрып, сындырмақшы болған. Алайда тонаушылар онда сол күйі кіре алмаған, - деп хабарлайды "Мой Город".

Орал қалалық ІІБ Жергілікті полицияның аға инспекторы Динара Абдуқалықова тонаушылардың айырбастау пунктіне кіре алмағанын хабарлады.

"Видеокамераға олардың айырбастау пунктін 39 рет гантельмен ұрғаны, алайда терезені сындыра алмағаны түсіп қалған. Қылмыскерлер оқиға орнынан жасырынып кеткен. Бірақ күдіктілер келесі күні-ақ ұсталып, кінәларын мойындады", - деп хабарлады Орал қалалық ІІБ өкілдері.

Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Басылымның мәліметінше, кейінірек ұсталғандардың бірі осыған дейін 7 желтоқсанда айырбастау пунктін тонап кеткені анықталды. "Сол кезде ол айырбастау пунктіне балғамен баса-көктеп кіріп, кассирді қорқытып, 130 мың теңгені алып кетіп, оқиға орнынан жасырынды", - деп хабарлады ІІБ Жергілікті полицияның аға инспекторы.

Ұсталғандар - 21 жаста, екеуі де осыған дейін сотты болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети