Оралда аудан әкімінің орынбасары көлігімен үш адамды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда аудан әкімінің орынбасары көлігімен үш адамды қағып кетті Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев. ©Uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары алкогольден мас күйінде көлігімен үш адамды қағып кетті, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары алкогольден мас күйінде көлігімен үш адамды қағып кетті, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Алдын ала мәлімет бойынша 6 сәуір күні сағат 21.00 шамасында Оралдағы сауналардың бірінің жанында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев Toyota Camry автокөлігімен үш адамды қағып кеткен. Зардап шеккендер - баласы бар әйел мен бір жас қыз.

Үшеуі де жарақат алды. Соның ішінде, жабық бас-ми жарақатын алған әйелдің миы шайқалған. Қазір ол ауруханада, 9 жастағы қыз бала мен 20 жастағы бойжеткен дәрігерлердің жәрдемінен соң үйлеріне жіберілді. 

"Уральская неделя"-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар бар. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті әкімшілік полиция басқармасының жетекшілері әзірше бұл оқиғаны растай қойған жоқ. Ал наркологиялық диспансер қызметкерлері 6 сәуір күні полицейлердің Абзал Бірәлиевті мұнда сараптамаға әкелгенін айтып отыр. Оның мас болғаны есепке алынған.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети