Батыс Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары алкогольден мас күйінде көлігімен үш адамды қағып кетті, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Батыс Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары алкогольден мас күйінде көлігімен үш адамды қағып кетті, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Алдын ала мәлімет бойынша 6 сәуір күні сағат 21.00 шамасында Оралдағы сауналардың бірінің жанында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев Toyota Camry автокөлігімен үш адамды қағып кеткен. Зардап шеккендер - баласы бар әйел мен бір жас қыз.
Үшеуі де жарақат алды. Соның ішінде, жабық бас-ми жарақатын алған әйелдің миы шайқалған. Қазір ол ауруханада, 9 жастағы қыз бала мен 20 жастағы бойжеткен дәрігерлердің жәрдемінен соң үйлеріне жіберілді.
"Уральская неделя"-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар бар. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті әкімшілік полиция басқармасының жетекшілері әзірше бұл оқиғаны растай қойған жоқ. Ал наркологиялық диспансер қызметкерлері 6 сәуір күні полицейлердің Абзал Бірәлиевті мұнда сараптамаға әкелгенін айтып отыр. Оның мас болғаны есепке алынған.