Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Оралда аудан әкімінің орынбасары көлігімен үш адамды қағып кетті 07 сәуір 2014, 17:41

Зардап шеккендер - баласы бар әйел мен бір жас қыз. Жабық бас-ми жарақатын алған әйелдің миы шайқалған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев.  ©Uralskweek.kz Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев. ©Uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары алкогольден мас күйінде көлігімен үш адамды қағып кетті, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Алдын ала мәлімет бойынша 6 сәуір күні сағат 21.00 шамасында Оралдағы сауналардың бірінің жанында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев Toyota Camry автокөлігімен үш адамды қағып кеткен. Зардап шеккендер - баласы бар әйел мен бір жас қыз.

Үшеуі де жарақат алды. Соның ішінде, жабық бас-ми жарақатын алған әйелдің миы шайқалған. Қазір ол ауруханада, 9 жастағы қыз бала мен 20 жастағы бойжеткен дәрігерлердің жәрдемінен соң үйлеріне жіберілді. 

"Уральская неделя"-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар бар. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті әкімшілік полиция басқармасының жетекшілері әзірше бұл оқиғаны растай қойған жоқ. Ал наркологиялық диспансер қызметкерлері 6 сәуір күні полицейлердің Абзал Бірәлиевті мұнда сараптамаға әкелгенін айтып отыр. Оның мас болғаны есепке алынған.

 

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті