21 шілде 2018 13:00

Оралда аудандық аурухананың бас дәрігері әйел адамды көлігімен басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Оралда 20 шілдеде Nissan автокөлігінің жүргізушісі бағдаршам арқылы жолдан өтіп бара жатқан 45 жастағы әйелді қағып кетті. Оқиға Жәңгір хан атындағы көшеде болған, деп хабарлады "Мой ГОРОД".


Оралда 20 шілдеде Nissan автокөлігінің жүргізушісі бағдаршам арқылы жолдан өтіп бара жатқан 45 жастағы әйелді қағып кетті. Оқиға Жәңгір хан атындағы көшеде болған, деп хабарлады "Мой ГОРОД".

"Біз ауылға үйлену тойына бара жаттық. Дүкеннен жейде сатып алу үшін осы жерге тоқтадық. Ол жолдан өтіп бара жатты да, мынадай болды", - деді зардап шеккен әйелдің туысы.

Көлік тізгінінде Теректі аудандық ауруханасының бас дәрігері болыпты, ол Оралға конференцияға бара жатқан. Ер адамның айтуынша, әйел бағдаршамның қызыл түсіне өткен. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен ол көлігінің алдыңғы дөңгелектерімен басып, әйел көліктің астында қалды. Оны алып шығуға куәгерлер жүгірді.

 

"Мен бірінші қатарда бағдаршамда тұрдым. Қызыл түс жанып тұрды. Жасыл түс жанды, мен ақырын қозғалдым. Бірақ адамдар жолдан жүгіріп өтіп жатты. Бұлар неге қызыл түске өтіп барады деп ойладым. Бір секунд және ол менің капотымда. Тоқтап үлгермедім, басып кеттім. Жылдамдық өте төмен болатын. Тіпті, түсінбей де қалдым", - деді жүргізуші.

Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем алып кетті. "Әйел облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Ол ішінен жабық жарақат алған. Оған ота жасалды. Зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр, операциядан кейінгі кезең", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети