Оралда автомобиль дәмхананың шатырына қонды

16 Шілде 2015, 10:51
0
Оралда автомобиль дәмхананың шатырына қонды - © Мgorod.kz
© Мgorod.kz

Оралда автомобиль дәмхананың шатырына қонды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы. Оқиға бүгін, 16 маусым күні таңғы сағат 06.00 шамасында болды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған кезде ғимарат ішінде 4 адам болған. "Біз дамхананың ішінде болдық. Кенеттен қатты дауыс естіліп, әйнектер сынып кетті. Жазғы алаңға жүгіріп шықтық, онда бір қыз ұйықтап жатқан, соны көлік қағып кетті деген ой келді. Қарасақ, бәрі дұрыс. Далаға шықсақ бір жігіт отыр, шатырдан бензин ағып жатты", - деді дәмхана қызметкері.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерінің айтуынша, дәмхана маңында болған үш жігіт те мас болған. "Біреуінің жағдайы тым нашар болды, екеуі қатты жарақаттанған. Үшеуі де ауруханаға жеткізілді", - деді ол.

Басылымның мәліметінше, автомобильде болғандардың біреуі қашып кеткен. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Новости Уральск - Машина залетела на крышу кафе в Уральске agaev (2)

Новости Уральск - Машина залетела на крышу кафе в Уральске agaev (3)

Новости Уральск - Машина залетела на крышу кафе в Уральске agaev (5)

Новости Уральск - Машина залетела на крышу кафе в Уральске agaev (7)

Новости Уральск - Машина залетела на крышу кафе в Уральске agaev (1)

Новости Уральск - Машина залетела на крышу кафе в Уральске agaev (4)


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай