Оралда автомобиль Мәншүк Мәметованың ескерткішіне барып соғылды

Оралда автомобиль Мәншүк Мәметованың ескерткішіне барып соғылды ©Mgorod.kz

Оралда автомобиль Мәншүк Мәметованың ескерткішіне барып соғылды, - деп хабарлайды "Мой город".

Оқиға 26 шілдеде күндізгі уақытта болды. Жол-көлік оқиғасының куәгерлерінің айтуынша, Volkswagen Passat CC Достық даңғылымен келе жатып, бұрыла алмай қалған да алаңға қарай жүріп кеткен. Қоршауды бұзған ол гүлзарды басып өтіп, ескерткішке соғылған.

Жарнама
Жарнама

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Автомобиль жүргізушісі тілшілерге сұхбат беруден бас тартты. 

Еске салайық, 16 шілдеде Оралда автомобиль дәмхананың шатырына қонған болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған кезде ғимарат ішінде 4 адам болған. 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама