Оралда бала ағаштан құлап, жансақтау бөліміне түсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда бала ағаштан құлап, жансақтау бөліміне түсті Иллюстрация: pixabay

Әлеуметтік желіде Оралда бала биік ағаштан құлап, мойнын сындырып алғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Оралда бала биік ағаштан құлап, мойнын сындырып алғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Пост авторының айтуынша, бала допты аламын деп көтеріліп, құлап кеткен. Оқиға басқа балалардың көзінше болған.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың қалалық көпсалалы ауруханаға 18 маусымда сағат 21:36-да түскенін хабарлады. Баланы нейрохирург, травматолог, хирург және реаниматолог тексерген. Оның бас сүйегі, мойын омыртқасы, кеуде және құрсақ қуысы мүшелері, жамбас сүйектерінің рентгенографиясы түсірілді. Содан кейін реаниматологтың сүйемелдеуімен зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Бала жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Бөлім дәрігерлік құпияны алға тартып, баланың диагнозын жария етуден бас тартты. Алайда бала есін жиып, өзін жақсы сезінетінін баса айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети