15 сәуір 2019 | 14:41

Оралда белгісіз біреу полицияға тұрғын үйге жарылғыш зат қойғанын хабарлаған

Бүгін таңғы уақытта Орал қаласының полицейлері Карев және Мұхит көшелерінің қиылысындағы аумақты қоршауға алды. Қазіргі уақытта жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін таңғы уақытта Орал қаласының полицейлері Карев және Мұхит көшелерінің қиылысындағы аумақты қоршауға алды. Қазіргі уақытта жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы. 

"Таңғы 05:00-те "102" кезекші пультіне Махамбет ақын көшесіндегі тұрғын үйде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Полиция дереу сол аймақта қоршауға алып, тексеріс жүргізген, алайда ақпарат жалған болып шықты. "Бомба" туралы хабарлаған адамның кім екені анықталып жатыр", - деді полиция департаментінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

ПД баспасөз қыметінің өкілдері қоңырау шалған ер адам екенін айтады. Ол осы әзілі үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") бойынша заң алдында жауап беретін болады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная