Оралда бес жасар екі бала терезеден құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда бес жасар екі бала терезеден құлап кетті Фото: mgorod.kz

Оралда бес жасар бала көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы терезеден құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда бес жасар бала көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы терезеден құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы басылым Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ақпаратына сілтеме жасай отырып жазды. Қайғылы оқиға жексенбіде кешке болғаны айтылды.

"Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Бұл бір күнде болған екінші дерек екені нақтыланды.

7 шілдеде түс ауа тағы бір бес жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

"Бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланады", - делінген материалда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети