Полицейлер 13 қыркүйекте Оралда жоғалып кеткен 38 жастағы үш баланың анасы Иралия Камышеваны тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" тілшісі.
Полицейлер 13 қыркүйекте Оралда жоғалып кеткен 38 жастағы үш баланың анасы Иралия Камышеваны тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" тілшісі.
Әйелді іздестіру жұмысымен облыстық Ішкі істер департаменті және қалалық Ішкі істер басқармасы айналысты. Ол Ақжайық ауданындағы шалғайда орналасқан шопандардың мекенінде болған. Әйел 8 қазанда табылды.
Иралия Камышеваның айтуынша, үйінен өз қалауымен кеткен, ал оны іздестіріп жатқанын полицей қызметкерлерінен білген.
"Жұбайыммен қарым-қатынасымыз жақсы емес. Ол мені көп жылдар бойы ұрып, қинап келді. Құлдықта болдым десе де болады. Мені жұмысқа жібермейтін. Қорықтым. Арыз жазбадым, себебі дереу үйден қуып жіберуші еді. Ал балалармен баратын жерім жоқ. Соңғы рет ол мені өлтіре де жаздаған, бетімді пышақпен тіліп жіберді. Балаларым маған ақша берді, сөйтіп мен кетіп қалдым", - деп баяндады ол.
Әйелдің сөзінше, ол бірнеше рет үйінен кетіп, бірақ кейбір себептерге байланысты қайтып оралған: "Осы жолы ауданға кетіп қалдым, жұмысқа тұрдым. Ақша жинап балаларымды өзіммен алып кетемін деп жоспарлап отырғанмын. Балаларымды ешқайда тастап кетпеуші едім. Мені іздестіріп жатқанын білмедім. Ол өзі мені қуып жіберді ғой. Мені іздеп қайтеді?".
Өз кезегінде Иралияның жұбайы оның спирттік ішімдік ішетінін және уақыт өте үйден кетіп ұзақ уақытқа жоқ болып кететінін айтты.
"Мұның алдында екі жыл бойы алкоголь ішпеген, себебі мен оны қадағалап отырдым. Оның нервті-алкогольдік синдромы бар. Өзінің дертін мойындамайды, кез келген нәрсені айта салуы мүмкін. Бастысы осыған өзі сенеді. Бұл жолы оны міндетті түрде айықтырамыз. Ол емге мұқтаж. Кеше Ішкі істер басқармасынан алып кеткім келген, бірақ рұқсат бермеді. Бүгін алып келетіндерін айтты. Міне, күтіп отырмыз. Балалар ауырып жүр. Ортанғы қызымыздың бассүйек ішіндегі қысымы бар. Барлығының жүйкесі сыр беріп жүр. Естуімше ол маған тағы арыз жазыпты, ұрған екенмін. Бұл шындық емес. Осыны растап отырған көршіні жала жапқаны үшін сотқа беремін", - деді Дмитрий.