Оралда былапыт сөз айтқыш командир видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда былапыт сөз айтқыш командир видеоға түсіп қалды

Орал қаласының 5517 әскери бөлімінде түсірілген видеоның кейіпкері болған былапыт сөз айтатын командир үшін қызметтік тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қаласының 5517 әскери бөлімінде түсірілген видеоның кейіпкері болған былапыт сөз айтатын командир үшін қызметтік тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Келісімшарт бойынша қызмет өтеп жатқан сарбаздарға командирдің былапыт сөздер айтып жатқаны бейнеленген видео дау туғызып отыр. Видеода ол әскерилерге дөрекі түрде сабынға, "Утенок" тазалағыш құралына, айнаға ақшаның аз жиналғанын айтады. Алайда ол бұл заттардың сарбаздардың өзіне пайдалы екенін түсіндіреді. "Егер маған сенбесеңдер, оған сеніңдер, ол әр кезде чек әкеліп отырады. Маған сендердің ақшаларың қажет емес! Ақтауда пәтерім бар, мұнда да болады", - дейді ол. 

Осы уақытта 5517 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов видеожазбаны қарап үлгерген. Оның айтуынша, бөлімде қызметтік тергеу басталды, бұл дерек Оралдағы әскери прокуратурада тіркелген. Ол айыптылардың жазаланатынын айтып, уәде берді. Аян Есжанов сарбаздар осыған дейін теріс мотивтермен жұмыстан шығарылғандықтан командирінен кек алу үшін видеороликті БАҚ-тарға таратқан деп есептейді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети