Оралда цистерна рельстен шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда цистерна рельстен шығып кетті © mgorod.kz

Оралда цистерна рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 19 мамыр күні сағат 11.00 шамасында "Алаугаз" ЖШС аумағында болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда цистерна рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 19 мамыр күні сағат 11.00 шамасында "Алаугаз" ЖШС аумағында болды.

Порталдың мәліметінше, машинист дұрыс бұрылмай, соңғы цистерналардың бірі рельстен шығып кеткен. Соның салдарынан қоршаулар бүлінді. Цистернада пропанның тасымалданғаны жазылған.

"Цистернаға зақым келген жоқ. "Алаугаз" ЖШС басшылығы оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты", - делінген жарияланымда.

Қазіргі таңда оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Кейін цистерналардың бос болғаны анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети