Оралда екі автобус соқтығысты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда екі автобус соқтығысты Фото: mgorod.kz

Оралда екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 30 шілдеде сағат 11:00 шамасында Дәулеткерей мен Мұхит көшелері қиылысында болған. Жол қиылысында №39 және №30Д екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқиға нақты қалай болғаны белгісіз, автобустардың бірі соқтығысу салдарынан құлап, жаяу жүргіншілер өткеліне тоқтаған Toyota Camry көлігін басып қалған. Жолаушылар автобустан алдыңғы терезесі арқылы шығуға мәжбүр болған. Оқиға орнына үш жедел жәрдем келді.

"Соқтығыс кезінде жолаушылар отырған, автобус ішінде түрегеп тұрғандар болмады. Бала болған, жарақат алмаған сияқты. Әрине, бәріміз қорқып кеттік. Дүрбелең болды. Жас жігіттер дереу жүгіріп келіп, адамдарды алдыңғы терезе арқылы шығаруға көмектесті", - деді әйел.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметтері кейінірек толық ақпарат беруге уәде етті.

Сурет: mgorod.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети