Оралда екі баланың 21 жастағы анасы жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда екі баланың 21 жастағы анасы жоғалып кетті Жұлдыз Сисенова

Оралда екі баланың 21 жастағы анасы жоғалып кетті. Жұлдыз Сисенова облыс орталығына 26 сәуірде өзі тұрып жатқан Теректі ауданындағы Богдановка ауылынан кетіп, сол күйі оралмаған, - деп хабарлайды "Мой Город"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда екі баланың 21 жастағы анасы жоғалып кетті. Жұлдыз Сисенова облыс орталығына 26 сәуірде өзі тұрып жатқан Теректі ауданындағы Богдановка ауылынан кетіп, сол күйі оралмаған, - деп хабарлайды "Мой Город"

"Таңғы алтыда шаруаларымен қалаға барып келетінін айтқан. Балаларға қарай тұруымызды өтінді. Күйеуі Оралда тұрады, соған кетті екен деп ойладық. Бірақ күйеуі Жұлдызды көрмегенін айтып отыр. Ұялы телефоны жиі сөніп қалады, жоғалып қалған болуы мүмкін", - деді қыздың туыстары. 

Жұлдыздың екі баласы бар, тұңғышы 4 жаста, кенжесі бір жыл төрт айлық. "Кенже баласының өкпесіне суық тиген. Осымен төртінші күн анасын іздейді", - деп хабарлады жоғалып кеткен қыздың туысы. 

Қыз қысқа қоңыр күрте мен түрлі түсті белдемше және балетка киген. Жұлдыздың туыстары қандай да бір мәлімет білетіндерден  8 (702) 665-53-45 нөміріне хабарласуды сұрайды.


Әлеуметтік желіден аккаунтынан алынған суреттер

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети