Оралда екі ер адам ойыншық тапанша кезеп, такси жүргізушісін тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда екі ер адам ойыншық тапанша кезеп, такси жүргізушісін тонап кеткен Видеодан алынған кадр. © "Мой ГОРОД"

Оралда екі ер адам ойыншық тапанша кезеп, такси жүргізушісін тонап кеткен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда екі ер адам ойыншық тапанша кезеп, такси жүргізушісін тонап кеткен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.

Оқиға 18 қаңтарда шамамен кешкі сағат 18.00-де болған.

Орал қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Динара Абдулқалықованың айтуынша, таксиді екі ер адам шақырған.

"Тапсырысты "Лада Калина" көлігінің жүргізушісі қабылды. Ол бірден жолаушылардың түрі күмәнді болғанын хабарлаған. Ер адамдат айтқан мекенжайға жеткенде олар артқы қақпа жақта қалдырып кетуін сұраған. Көлік тоқтаған соң ер адамдардың бірі белдікпен жүргізушіні қылғындыра бастаған. Ал екіншісі жүргізушіні тапаншамен ұра бастаған. Жүргізуші қарсылық көрсетіп, терезені теуіп сындырмақшы болады. Нәтижесінде екі ер адам оның ұялы телефоны мен көлікте жатқан ақшаны алып кеткен. Жүргізуші олардың соңынан бармақ болған кезде ер адамдар оны тапаншамен қорқытқан", - деді аға инспектор.

Кейінірек такси жүргізушісі полиция шақырып, видеобақылау камераларының көмегімен күдіктілер ұсталған.

"Олар 28 жастағы (осыған дейін сотты болған) және 34 жастағы ер адамдар. Екеуі де ұрылар ретінде есепте тұр. Ұрланған заттар тәркіленді. Күдіктілер Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, жүргізушіні қорқытқан тапаншаның ойыншық тапанша екені анықталды", - деді Динара Абдулқалықова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети