Оралда ер адамды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ер адамды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалған

Оралда көлік қағып кеткен ер адам ауруханада қайтыс болды. Оқиға 23 қазанда болған. Жәбірленуші бес күннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда көлік қағып кеткен ер адам ауруханада қайтыс болды. Оқиға 23 қазанда болған. Жәбірленуші бес күннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатында қаза тапқан ер адамның туыстары кінәлі жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қорқады. Әйел алғашында полиция мен дәрігерлерге жәбірленуші құлап, басын соғып алғанын айтқан, содан кейін ғана ер адамды көлікпен қағып кеткенін мойындаған.

29 жастағы Қайрат Айсариевтің әпкесінің айтуынша, 23 қазанда оның інісі достарымен түнгі клубқа барған. Таңғы сағат 4 шамасында олар такси шақыру үшін көшеге шығады. Осы кезде 29 жастағы жүргізуші әйел көлік тұрағында тұрған көлігін шығарған. Әйел ер адамның аяғынан басып кетіп, салдарынын жерге құлаған ер адам асфальтқа басын соққан.

"Әйел де сол клубтан шыққан, ішімдік ішкен. Мұны куәгерлер дәлелдей алады. Оған көлік жүргізбе деп, кілтін алмақ болған екен. Қайраттың аяғы мен қабырғасы сынған. Ол 27 қазанда ауруханада көз жұмды. Миына қан құйылған, құлағы мен аузынан қан кеткен. Жол апатын жасаған адам алдымен жедел жәрдем бөлмесіндегі дәрігерлерге Қайрат көшеде құлап қалғанын айтқан. Сондықтан оны медициналық тексеруге ешкім жіберген жоқ. Ол тек ертеңінде үйде тексеруден өткен", - деді марқұмның әпкесі Малика Мартынюк.

Полицейлер жаяу жүргіншіні қағу дерегі тіркелгенін айтты. Mercedes-Benz S 500 көлігінің жүргізушісі жол ережесін сақтамай, кері бағытта келе жатып, көлік маңында тұрған ер адамды қағып кеткен.

"Жәбірленуші 27 қазанда алған жарақаттарынан облыстық көпсалалы ауруханада қайтыс болды. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша соталы тергеу басталды", - деді БҚО полиция департаменті өкілдері.

Полицейлер көлік қазір айып тұрағында екенін айтты. Бірқатар сараптама тағайындалған, оның қорытындысы бойынша жүргізушіге алдын ала шара қабылдау туралы шешім шығарылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети