Оралда "Бавария" кафесінің қожайыны оқиғаның құрылыс жұмыстары кезінде болғанын айтты, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға темір қоршауға құлаған ер адам туралы.
Оралда "Бавария" кафесінің қожайыны оқиғаның құрылыс жұмыстары кезінде болғанын айтты, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға темір қоршауға құлаған ер адам туралы.
"Мен өзім адам ретінде мұндай қайғылы оқиғаға ортақпын, түнімен ұйықтай алмай ойлап шықтым: ең бастысы ер адам тірі қалса екен деп. Ол құрылыс монтаждау жұмыстарын атқарды. Ол сақтандырылған, бірақ неге екені белгісіз ол оны ілмеген, мүмкін басқа жерге ілгісі келген болар, дәл сол кезде ол шалынысып темір қоршауға құлады", - дейді кафе қожайыны.
Қалалық көпсалалық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бахтияр Танкешбаевтың айтуынша ер адамға жасалған ота күрделі болған.
"Ер адамның тірі қалуы - таңғажайып жағдай. Ол бізге түскенде оның денесіне кірген темір тор арқасынан тесіп шыққан. Егер темірді ерте шығарып қойғанда, оны аман алып қалу мүмкін болмас еді. Ота бес сағатқа созылды. Оның жағдайы тым ауыр", - деді дәрігер.
Еске салайық, 17 қазанда 12:40-та Орал қаласының "Астана" ықшамауданында құрылыс монтаждау жұмыстарын атқарып жатқан ер адам екінші қабаттың шатырынан темір қоршауға құлаған. Сол күні оған қалалық ауруханада ота жасалды.