07 тамыз 2014 15:48

Оралда жанармай құю бекетінде жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Оралда жанармай құю бекетінде жарылыс болды, - деп хабарлайды "Мой город". 7 тамыз күні жергілікті уақыт 12.00 шамасында Шолохов көшесіндегі "Жан Ойл" бекетінде болды.


Оралда жанармай құю бекетінде жарылыс болды, - деп хабарлайды "Мой город". 7 тамыз күні жергілікті уақыт 12.00 шамасында Шолохов көшесіндегі "Жан Ойл" бекетінде болды.

Порталдың мәліметінше, жарылыс кезінде 1965 жылы туған ер адам зардап шекті. "Зардап шегуші бас-ми жабық жарақаты, терінің 20%-ының күюі, оң жамбастың жабық сынығы диагноздарымен облыстық клиникалық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жерасты резервуарларына отын құйылатын жерде болды. Оқиға орнын полицейлер қоршауға алды. Жарылыс кезінде түтін мен жалын байқалған жоқ.

Еске сала кетейік, өткен жылы Павлодардағы май құю бекетінде жарылыс болған еді. Жанармай құю станциясының тұрмыстық бөлмесіндегі 25 литрлік газ баллоны атылған. Жарылыс салдарынан 150 шаршы метр болатын құрылыс конструкциялары құлап қалды. Оқиға кезінде жеті адам зардап шекті. Олардың арасында бекеттің екі жұмысшысы мен екі сатушы болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети