13 ақпан 2017 | 19:20

Оралда жасөспірім жаттығу залында қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 17 жастағы жасөспірім жүгіретін жолда жаттығу істеп, қайтыс болды, - деп хабарлайды "Уральская неделя". Оқиға 2017 жылы 10 ақпанда болған. 


Иконка комментария блок соц сети

Оралда 17 жастағы жасөспірім жүгіретін жолда жаттығу істеп, қайтыс болды, - деп хабарлайды "Уральская неделя". Оқиға 2017 жылы 10 ақпанда болған. 

Спорттық орталықтың қожайыны Сергей Белоноговтың айтуынша, жігіт 30-ға жуық жаттығу жасаған. "Жұмада ол, әдеттегідей жаттығуға келіп, жүгіру жолында жаттықты. Ол жүгірген де жоқ, тек жүрді. Сосын барлық жігіттердің қасына барып, құлап түскен. Жедел жәрдем келгенге дейін, менің ағам Алексей оған қолдан дем алдыру әдісін жасаған", - деді ол. Белоноговтың айтуынша, ол өзінің залына келушілерден ешқандай медициналық анықтама талап етпейді екен. "Анықтама кәсіби мектептерде жаттығу үшін қажет, ал жаттығу залына келу үшін анықтама қажет емес. Кейінірек, мен оның достарынан оның жүрегі ауырып жүргенін естідім", - деді ол. 

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети