Оралда жеңіл автокөлік пен пойыз соқтығысып қалды, - деп хабарлайды "Мой город". Басылымның мәліметінше, оқиға ВАЗ-2114 автокөлігі Қазталов көшесімен арматура зауытына қарай кетіп бара жатқан кезде болды.

"Жүк пойызы Желаево елді мекенінен қалаға қарай қозғалды. Оның жылдамдығы үлкен болған жоқ, шлагбаум жабық болды, бағдаршам жанып тұрды. Пойыз өткелге жақындап қалған кезде кенеттен Қазталов көшесінен қатты жылдамдықпен "Жигулидің" келе жатқанын көрдім. Ол өтіп кетемін деп ойлады, бірақ үлгермеді", - деді жол-көлік оқиғасы жөнінде №1292 өткел бойынша кезекші Серік Тінәлиев.
Оралдағы бұл жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік қарама-қарсы бетке шығып кетті де, теміржол өткеліндегі кезекші отыратын тұраққа соғылды. Тінәлиевтің хабарлауынша, "Жигули" рулінде 30 жастағы ер адам болды, ал жолаушылар орындығында бір қыз отырған. Жол-көлік оқиғасынан соң жүргізуші көліктен өзі шығып, қыздың шығуына көмектескен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта теміржол өткелінде қозғалыс қалпына келтірілді.