Оралда жол апатынан 4 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда жол апатынан 4 адам зардап шекті Фото: Tengrinews.kz

Оралдағы көпірде болған жол апатынан 4 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы көпірде болған жол апатынан 4 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада мұнай базасы ауданындағы көпірде болған жол апаты салдарынан кептеліс пайда болған. 2 ер адам мен 2 әйел зардап шеккен.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты туралы ақпарат күндізгі сағат 12.00-де түскен. Болжам бойынша жол апатына BMW жүргізушісі кінәлі.

"Ер адам көлік тізгініне ие бола алмай, көпірге соғылып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан тағы 3 көлік соқтығысқан", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аскар Шайгумаров (@askar19745)

Денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан 21 және 22 жастағы ер адам, 35 және 77 жастағы әйелдер зардап шеккенін жеткізді.

"Облыстық көпбейінді ауруханасына миы шайқалды деген күдікпен 3 адам жеткізілді. 22 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)

Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. BMW жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course down  589.73  course down  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети