05 наурыз 2018 11:14

Оралда жолаушылар автобусы мен автокөлік соқтығысты: Қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, соның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Оралда автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, соның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы 5 наурызда Орал - Дарьинск тасжолындағы Трекино ауылының маңында болды. 

Volkswagen Transporter маркалы жолаушылар автобусы Рубежка ауылынынан келе жатқан. Жүргізуші Владимир Фисенконың айтуынша, ол 15 жолаушыны алып келе жатқан. Бір сәтте жолдың қарсы бетінен Volkswagen Passat маркалы автмобиль атып шыққан. Соқтығысу салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі сол мезетте қайтыс болған. Автобус жолдан шығып кеткен, оны әлі сол жерден шығарған жоқ. 

Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен қайтыс болған адамның туыстары келді. Фельдшердің айтуынша, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қалғаны өздігінен ауруханаға жетті. 

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі кінәлі. 

Айта кетейік, Оралда бүгін көктайғақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылған. Осыған дейін облыста ескерту жарияланған еді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети