Оралда жүкті әйелді қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оралда жүкті әйелді қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Судья қалалық ішкі істер бөлімінің өтінішін назарға алып, жігітті екі айға қамау туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, оқиға 4 қазанда болды. Куәгерлердің айтуынша, Lifan автомобилі Құрманғалиев көшесінде келе жатқан. Ол жаяу жүргінші жолында жол беріп жатқан "ВАЗ-2106" көлігін соғып, оқиға орнынан із жасырды. Бұдан кейін ол сол көшеде келе жатып, келесі жаяу жүргінші жолында бір қызды қағып кеткен. Жүргізуші тағы да оқиға орнынан қашып кетпекші болған, алайда Құрманғалиев-Шолохов қиылысында ол Toyota Land Cruiser автомобилімен соғысып қалып, тұрып қалды.
Айта кетейік, сараптама жол көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің мас болғанын көрсетті. Ал қайтыс болған келіншектің артында екі баласы қалды: 8 жастағы қызы мен бір жасар ұлы.