Оралда жүргізуші 10 жастағы оқушыны қағып кетті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда жүргізуші 10 жастағы оқушыны қағып кетті Фото:polisia.kz

Оралда 10 жастағы оқушыны көлік қағып кетті. Қайғылы оқиға қыз оқыған мектеп маңында болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 10 жастағы оқушыны көлік қағып кетті. Қайғылы оқиға қыз оқыған мектеп маңында болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті 26 қазанда сағат 10 шамасында Кердері көшесінде Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін жүргізіп келе жатқан 47 жастағы жүргізуші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 10 жастағы қызды қағып кеткенін хабарлады.

"Зардап шеккен қыз түрлі жарақаттармен облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді, есін жимастан, сол жерде қайтыс болды. Медициналық сараптама жүргізушінің сау екенін көрсетті. Қыз бала дүкеннен үйге келе жатқаны анықталды", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың өміріне қауіп төндіретін жарақат алғанын, бас сүйегі жарақаттанғанын, дәрігерлер оны құтқара алмағанын хабарлады.

№7 ЖОМ директоры оның бесінші сыныпта оқығанын, тәртіпті және мейірімді оқушы болғанын айтты.

"Бәріміз есеңгіреп қалдық. Апат туралы жаңа ғана білдім. Бірінші қыркүйекте Томирис он жасқа толды. Ол екінші ауысымда оқыды", - деді Виктор Протасов.

Полиция бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Жүргізушіге қатысты алдын алу шарасы әлі таңдалған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети