26 қаңтар 2015 | 12:10

Оралда жүргізуші аязда жалаңаш күйде наразылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©youtube.com/mgorod.kz ©youtube.com/mgorod.kz

Оралда айыппұл төлемегені үшін жол полициясы тоқтатқан Mazda автокөлігінің жүргізушісі темір тұлпарын айып тұрағына қоюға қарсы болып, 20 градус аязда шешініп, наразылық білдірді. Оқиға 25 қаңтарда айыппұлдарын төлемей жүргендерді анықтау үшін жүргізілген шара барысында болған, - деп жазады "Мой Город".


Иконка комментария блок соц сети

Оралда айыппұл төлемегені үшін жол полициясы тоқтатқан Mazda автокөлігінің жүргізушісі темір тұлпарын айып тұрағына қоюға қарсы болып, 20 градус аязда шешініп, наразылық білдірді. Оқиға 25 қаңтарда айыппұлдарын төлемей жүргендерді анықтау үшін жүргізілген шара барысында болған, - деп жазады "Мой Город".

Ер адам жанжал шығарып, айқайлап, айыппұл төлейтін ақшасы жоқ екенін айтқан. Соңынан ол сырт киімдерін шеше бастаған. Жалғыз майкамен қалған ол қарды алып қойнына сала бастады. Құқық қорғау қызметкерлеріне бұзақыны патруль "Газеліне" отырғызуына тура келді. Біраз уақыттан кейін ол көлігін айып тұрағына қоюға келісімін берді.

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері заң талаптарын бұзғандарды "Автоқұйын" жүйесінің көмегімен ұстады, оның базасында айыппұл, салық және алимент төлемегендердің автокөліктерінің номерлері енгізілген.

ІІД инспекторы Динара Абдулқалықованың айтуынша, жаңа заң талаптары бойынша әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарғандардың автокөліктері сот қаулысына сәйкес барлық қарызы толық төленгенше айып тұрағына қойылады. "Көлік иесі барлық әкімшілік айыппұлын төлеп, құтылғаннан кейін әкімшілік полицияға барып құжаттарын, содан кейін көлігін алып кете алады", - деді инспектор.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети